2020 жылғы 19 тамыз күні Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясында ата-аналар комитетінің мүшелерімен жиын өтті
2020-2021 оқу жылының І тоқсаны қалай өтеді?
2020 жылғы 19 тамыз күні Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясында ата-аналар комитетінің мүшелерімен жиын өтті. Мақсаты - 2020-2021 оқу жылының басында оқушыларды қашықтан оқытуды және кезекші сыныптарды ұйымдастыру туралы сынып ата-аналарын ақпараттандыру. Бастауыш сынып және 5-11 сынып ата-аналары қатысқан жиынды мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаева ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті. Онда, жаңа оқу жылына дайындық барысы, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, кезекші сынып,компьютерлермен қамтамасыз ету жолдары, санитарлық шектеулерді сақтау туралы мәселелер аталды.
ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов «Педагогтер мен оқушылардың коронавирус инфекциясы мен ЖРВИ жұқтыру қаупі жоғары. Мәселен, тек ЖРВИ-мен жыл сайын оқушылардың 70%-ына дейін ауырады. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі балалар үшін мектептерді ашуға әлі ерте деп санайды және қашықтан оқыту форматын жалғастыруды ұсынады» деп атап өткен болатын.
Осыған сәйкес, қазіргі ахуалға байланысты ата-аналар да қашықтықтан оқыту форматын қалайтынын жеткізді.
Оқу жылының басталуына аз уақыт қалуына орай дайындық жұмыстары жалғасын табатын болады.





Автор: 68mektep
Добавлено: 19.08.2020 в 11:48