Мың алғыс, Сізге, аға ұстаз Асхат Қанатұлы. Әрбір ұстаздың жеке почтасына жіберген хатыңызды оқып, басылған рухым көтерілді, індеттен ауырып еңсем түскен еді, езілген еңсемді көтердіңіз. Кешегі індеттен өз ет жақындары мен туғандарын жоғалтқан ұстаздардың қайғысына ортақтасып, көңіл де білдіріпсіз. Хаттың соңында күллі ұстаздардың еңбегін бағалап, алғыс та айтыпсыз. Оқып алып, құлазыған көңілім көтеріліп, қуаныштан көзге жас та келді. Сіздің жазған хатыңыздан менің ұққан кішкентай дүнием – ол сіздің қарапайымдылығыңыз. Сол қарапайымдылығыңыз өз өміріңізге мәңгілік қалқан болсын.
![]() | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің ұстаздарға жазған хатына мектеп ұжымы шын жүректен ризашылығын білдірді. |

Рухымды көтерген хат
Мың алғыс, Сізге, аға ұстаз Асхат Қанатұлы. Әрбір ұстаздың жеке почтасына жіберген хатыңызды оқып, басылған рухым көтерілді, індеттен ауырып еңсем түскен еді, езілген еңсемді көтердіңіз. Кешегі індеттен өз ет жақындары мен туғандарын жоғалтқан ұстаздардың қайғысына ортақтасып, көңіл де білдіріпсіз. Хаттың соңында күллі ұстаздардың еңбегін бағалап, алғыс та айтыпсыз. Оқып алып, құлазыған көңілім көтеріліп, қуаныштан көзге жас та келді. Сіздің жазған хатыңыздан менің ұққан кішкентай дүнием – ол сіздің қарапайымдылығыңыз. Сол қарапайымдылығыңыз өз өміріңізге мәңгілік қалқан болсын.
Бұл хатты оқып, менің әріптестерім де ризашылығын білдіруде. Біз, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов атындағы № 48 мектеп - лицей ұжымы, Сіздің рухтандырып жазған әрбір сөзіңіздің мәнін түсінді. Өзіңіз айтқандай, шыдамды болып, мейірімділік пен ұстамдылық танытып, сол асыл қасиетті оқушыға жылдар бойы үйретіп те келеміз және Сізге үйретеміз деп сенім білдіремін. «Біздің күшіміз - біздің бірлігімізде, -бақ қайда барасың? -Ынтымаққа.» дегендей ынтымағы мен бірлігі жарасқан осындай үлкен ұжымның атынан, өзімнің атымнан Мың алғыс айтамын. Сіздей білімді де білікті басшымыз барына сансыз шүкір. Жаратқаным ұзақ ғұмыр берсін!
Ізгі тілекпен №48 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гулшат Аблашқызы Капшаева
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены