Меню KDT
Хабарландыру

«Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының (жақын туыстарын қоспағанда) психологиялық дайындығы туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің нормасы қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.


      

Осы дайындықты жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары аталған ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Оқудан өту және сертификат алу үшін үміткерлер келесі мекен-жайлар бойынша хабарласа алады:

1) асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік «Ана үйі» ҚҚ Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, 21-кабинет. Жазылу және анықтама телефондары 8(747)3114112, 8(747)3110306.

2) «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ, Петропавл қаласы, Семашко көшесі, 3. Жазылу және анықтама үшін Телефон 8(7152) 537528.

3) «Даму мүмкіндіктері шектеулі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ Қызылжар ауданы, Соколовка селосы, Школьная көшесі, 1. Анықтама және жазу үшін Телефон 8(71538) 31193.

4) «Даму мүмкіндіктері шектеулі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Шөптікөл селосы. Анықтама және жазу үшін Телефон 8(71535) 53437. 


Комментариев нет
308 просмотров
Автор: mamlyut_skobilim
Добавлено: 21.07.2020 в 17:24

Возможно вас заинтересует...!