Мектебімізге жоғары білімді, оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайтын, педагогикалық этиканы сақтай білетін, әріптестерімен қарым-қатынаста жұмыс жүргізетін креативті бастауыш сынып және информатика пәні мұғалімдерін жұмысқа шақырамыз!
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Еңбек өтілі - 5 жылдан жоғары.
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолдану. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құру. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысу, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз ету. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.
Үміткер білу керек:
ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, "Неке және отбасы туралы" ҚР кодексін, ҚР "Білім беру туралы", «Педагог мәртебесі туралы», "ҚР тілдер туралы", "ҚР бала құқығы туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "ҚР мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" заңдарды және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены