Меню KDT
«Біз біргеміз! ЖАС ТҮЛЕК 2020» мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді

Бүгін «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында» «Біз біргеміз! ЖАС ТҮЛЕК 2020» мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. 


    Бүгін «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында» «Біз біргеміз! ЖАС ТҮЛЕК 2020» мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Бұл мереке қазақтың бас ақыны Һәкім Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Мектебіміздің ең алғашқы түлектері балалықтың бал дәурені, оқушылық өмірмен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақты. Мектеп мақтаныштары, оқу озаттары марапатталып, аттестат беру рәсімі өткізілді. Сый-сияпат ретінде «Сен де бір кірпіш дүниеге» атты Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздері жазылған жинақ кітабы табысталды. Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның шығармаларын ең алғаш түлектеріміз көкірегіне тоқып, көңіліне шамшырақ етіп алары сөзсіз. Абай мектебінің ең алғаш түлектері мектеп мұрайжайында қолтаңба және естелік жазба қалдырды. Сонымен қатар мектебіміздің алғашқы түлектері өз қолдарымен естелік ретінде мектеп ауласына ағаш отырғызды.
    Түлектеріміздің болашаққа басқан қадамдары оң болсын!

 
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
207 просмотров
Автор: 87mektep
Добавлено: 03.06.2020 в 17:07

Возможно вас заинтересует...!