Меню KDT
ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!

Бүгін Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында Негізгі орта білім туралы аттестатын тапсыру салтанаты болып өтті.


ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК! 
  Бүгін Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында Негізгі орта білім туралы аттестатын тапсыру салтанаты болып өтті.
   Салтанатты жиынға мектеп директоры Күнімбала Ізтөлеуқызы және орынбасарлары Алтынай Сайлауқызы, Самал Жамалиқызы қатысты. Оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіріп, оларға ақ жол тілеп шығарып салу салтанатында мектеп директоры өмірлеріндегі ұмытылмас сәт, аса маңызды күндерімен құттықтап, ұстаздарының және ата-аналарының сенімін ақтауға, адал да парасатты болуға, білім биігінен көрінуге шақырды.
    Әрбір  оқушы қаншалықты қымбат екенін сынып жетекшілері лебізінен сезіліп тұрды. Өмірде өшпейтін іс балаға берген — білім, мейірім, қамқор, пейіл. Білім нәрі құндылықтардың мәңгілігі. Сол мәңгілікті өзінің парызы санаған ұстаздарына деген құрметті оқушылар тілегінен аңғардық.
   Биылғы оқу жылында 9-сыныпты 131 оқушы бітіріп отыр. Соның ішінде 7 оқушы Аманжолов Абзал, Балтабаева Дильназ, Мерекенова Алина, Узақбаева Қарақат, Айтбаева Айым, Касымова Акнур, Пәрімбек Аружан "Үздік аттестат" алды.
     Жалпы аттестат тапсыру рәсімі әрбір сынып үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жеке-жеке өткізілді.






Комментариев нет
433 просмотров
Автор: 68mektep
Добавлено: 05.06.2020 в 22:35

Возможно вас заинтересует...!