Бүгін, 1 маусым елімізде халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде. Осы орайда мектебіміздің оқушыларымен « Балаларды қорғау күні: мерекенің тарихы» атты онлайн радио өткіздік. Өткізілген онлайн радионың мақсаты : «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту, балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу және әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген ойды оқушылар бойынша қалыптастыру.
Сонымен қатар онлайн радиода мерекенің тарихы туралы қозғалды. Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Халықаралық балалар күні - әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында.
Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтаймыз!

Автор: 37mektep
Добавлено: 01.06.2020 в 21:44