АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!
Міне, мектеп бітіруші түлектеріміздің басынан қызығы мен қуанышы мол 11 жыл білінбей өте шықты. Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейде түлектеріміз үшін мектеппен, балалықпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басатын күн есте қаларлықтай өтті. Биыл мектебімізде 130 түлек бітіріп, алты "Алтын белгі" иегері мен үш "Ерекше куәлік" иелеріне және Халықаралық, Республикалық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына ерекше құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынымызды мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы түлектерге арнаған жүрекжарды лебізімен бастаса, сынып жетекшілері қимастық сезіммен ақ жол тіледі. Сонымен қатар, мектебіміздегі "Үздік оқушы" жобасы бойынша 2019-2020 оқу жылының үздік оқушылары Бержанова Индира мен Пак Вадим марапатталды.
Биылғы оқу жылының өзгешелігіне қарамастан, Жас түлектерімізге ақ ниетімізбен АҚ ЖОЛ тілейміз!
АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!
Міне, мектеп бітіруші түлектеріміздің басынан қызығы мен қуанышы мол 11 жыл білінбей өте шықты. Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейде түлектеріміз үшін мектеппен, балалықпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басатын күн есте қаларлықтай өтті. Биыл мектебімізде 130 түлек бітіріп, алты "Алтын белгі" иегері мен үш "Ерекше куәлік" иелеріне және Халықаралық, Республикалық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына ерекше құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынымызды мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы түлектерге арнаған жүрекжарды лебізімен бастаса, сынып жетекшілері қимастық сезіммен ақ жол тіледі. Сонымен қатар, мектебіміздегі "Үздік оқушы" жобасы бойынша 2019-2020 оқу жылының үздік оқушылары Бержанова Индира мен Пак Вадим марапатталды.
Автор: 37mektep
Добавлено: 03.06.2020 в 21:28