4 "Б" СЫНЫБЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫ АТЫНАН АЛҒЫС ХАТ!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деп ұлы Абай бабамыз айтқандай мектеп есігінен алғаш рет тарыдай болып кірген балаларымызды білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруден жалықпаған ұстаз 4 «Б»сыныбының жетекшісі Ақбарова Бақытжан Төкенқызына ата-аналар атынан шексіз алғысымызды білдіремін.
Сіздің өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі еңбегіңіз және Тәуелсіз қазақ елінің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.
Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіп, жүз жасаңыз.
Әрине мектеп директоры Алмагүл Тілектесқызына да алғысым көп. Мектеп тізгініне Сіз келгелі көптеген атаулы, игі жаңалықтар орын алды, көптеген қосымша сабақтар (кружоктар) ашылды, баларымыз қалалық қана емес, республикалық, халықаралық жарыстардан жүлделі орындарға ие болып жатыр және т.б. айтпағанда, ең маңыздысы мектебіміз лицей атануы болар деп ойлаймын.
Барлық ұстаздарға шыармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін, мерейлеріңіз үстем болсын деп тілеймін!
Тілек білдіруші: 4 «Б» сынып оқушысы Сапар Жансаяның анасы.

Автор: 37mektep
Добавлено: 04.06.2020 в 21:08