2020 жылдың 4 маусым күні «әл-Фараби» мектеп-лицейінде мектеп түлектеріне салтанатты түрде аттестат табыстау рәсімі өтті
Әбу Насыр Әл-Фараби атамыздың 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейлі тойлары қарсаңында мектеп-лицейімізді 43 оқушы аяқтап отыр. 3 оқушы «Алтын белгіге», 2 оқүшы - үздік аттестатқа және 23 оқушы оқу екпіндісі болды. Мектеп түлектерінің әрбіреуінің мектеп тарихында өзіндік орны бар. Мектеп-лицейіміздің абыройын жоғары деңгейде көрсетті, көшбасшылық етті, әр балаға үлгі-өнеге болды, әр ұстаздың мақтанышы болды, әр ата-ананың қуанышын, мерейін асырды. Еліміздегі төтенше жағдайдың болуына қарамастан, болашаққа деген үміттерін, сенімдерін жоғалтпады. Оқу жылының 4- тоқсанын, нағыз ыстық оқу тоқсанында үйде отырса да, «Біз біргеміз!» ұранымен өздерінің күш-жігерлерін көрсетіп, бір-біріне қолдау жасады





Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены