Өткізілу түрі: Нұр-Cұлтан қаласында «Жас Ұлан» ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі елімізде енгізілген карантин жағдайының сақталуына байланысты онлайн түрде өткізіледі.
Өтетін уақыты: 28.05.2020ж.
Өтетін жері: ZOOM, WhatsApp платформасында
Өткізілу түрі: Нұр-Cұлтан қаласында «Жас Ұлан» ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі елімізде енгізілген карантин жағдайының сақталуына байланысты онлайн түрде өткізіледі.
Қатысушылар: Мектептің бастауыш сынып оқушылары, ата-аалар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері
«Жас Ұлан» ұйымы жайлы қысқаша түсіндірме:
«Жас Қыран» ұйымының мақсат, міндет, ережелері:
«Жас қыран» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
• Жас Қыран ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
• Жас Қыран ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші
• Жас Қыран ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар
• Жас Қыран ұйымының мүшесі - қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
Ескерту: «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсімі кейін, штаттық режимге көшкенде болады, бұл жолы сертификат беріледі.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының АНТЫ
Біз, ... «Жас Ұлан» ұйымына кіре отырып,
Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге;
Ата-анамызды қадірлеп; Үлкенге - құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Оқуда озат, еңбекте адал болуға; Салауатты өмір салтын ұстануға;
Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы болуға
АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!
«Жас қыран» ұйымына қабылданған оқушылар тізімі:
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены