Меню KDT
1 сыныпқа қабылдау коммисиясы жұмысын бастап кетті

2020 жылдың 1 маусымынан бастап «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» КММ-де 1- сыныпқа қабылдау комиссиясы жұмыс жасайды. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі EGOV.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған. Ата-аналар порталда «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімін таңдау арқылы кіріп, өтініш береді және қажетті құжаттарды тіркейді. 


1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
2. Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген № 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
4. 3x4 көлеміндегі фото - екі дана.

Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-жұма: сағ. 09:00 - 18.00-ге дейін
Түскі үзіліс:
сағ. 13.00 - 14.00-ге дейін
Сенбі: сағ. 09.00 – 13.00-ге дейін

Байланыс телефондары:
76-95-61 (қабылдау бөлімі); 
24-98-23 (вахта)
Ұялы телефондар:
‪87027277334, 87015237820


Комментариев нет
233 просмотров
Автор: 87mektep
Добавлено: 01.06.2020 в 08:00

Возможно вас заинтересует...!