ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясына 1-сыныпқа және даярлық тобына құжаттарды қабылдау кезеңі басталғанын хабарлаймыз.
📣1 сыныпқа құжаттарды тапсыру маусымы басталды
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясына 1-сыныпқа және даярлық тобына құжаттарды қабылдау кезеңі басталғанын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдау дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00—17.00 аралығында жүргізіледі. Байланыс тел.: 8-777-428-37-89
Қажетті құжаттар тізімі:
✅ Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (2 дана);
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅3х4 көлеміндегі 2 фото.
✅Іс-қағаз салатын файлды көк папка
📣 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 1 тамыз аралығында іске асырылады.
Сондай-ақ, өтінішті EGOV.kz арқылы беруге болады.
🎒Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
🎒17 тамыздан бастап Жазғы мектеп жұмыс істей бастайды. Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады.
Автор: 68mektep
Добавлено: 01.06.2020 в 13:41