31-мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы күнге орай Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты еске алу шаралары болып өтті.
31-мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы күнге орай Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты еске алу шаралары болып өтті.
Онлайн форматында тарих пәнінің мұғалімі А.Ташмаганбетов қанмен жазылған тарихтағы қуғын-сүргін мен ашаршылықтың қолдан жасалғандығына, себеп-салдарына тоқталып, оқушыларға тағлымды мәліметтерді жеткізді. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Өмірбек "Зобалаң жылдар жаңғырығы" тақырыбында саяси қайғылы, қасіретті жылдардағы қазақ елінің бетке ұстар азаматтарының және олардың әйелдерінің азапты тағдырлары жайлы сөз қозғады.
1931-1938 жылдарды айтпағанның өзінде 1896-1997 жылдары 2 миллион, 1907-1908 ж.ж. 4, 1916-1917 ж.ж. 5-6 миллион адам жан түршігерлік жағдайда көз жұмған. Бәрі де азаттық жолында құрбан болды.
«Қазақстанда атаулы күндер, мерекелер көп, солардың ішінде 31 мамыр – аза тұту күні болу керек», - деген конференция қатысушылары тарапынан ұсыныс айтылды. Ата-аналар комиетінің төрайымы Динара Қорғанбаева Ата-бабалар рухына арнап 31 мамыр күні мейлінше дұға ететуге шақырды. Сондай-ақ, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасыры Ж.Рустемова алдағы уақытта осы тақырып төңірегінде Сәкентанушы, сазгер Қанат Жүнісовпен кездесу ұйымдастырылатынын айтты.
«Мың өліп, мың тірілген халықтың» болашағы жарқын бола берсін!

Автор: 68mektep
Добавлено: 31.05.2020 в 11:55