← Назад к новостям
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

23mektep
31.05.2020 в 11:05
240 просм.
Нет комментариев

Бүгін - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді.
Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Тарих мәңгі ұмытылмайды. Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Альмаханова Г.С және 7 Ә сынып оқушылары дайындаған видеороликті төмендегі ссылка бойынша көрулеріңізге болады.

https://www.facebook.com/23mektep.astana/videos/281053199935194/


 

Автор: 23mektep · 31.05.2020
240
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT