Меню KDT
1 сыныпқа құжаттарды тапсыру 1 маусымда басталады

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі EGOV.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған.


1 сыныпқа құжаттарды тапсыру 1 маусымда басталады

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі EGOV.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған. Ата-аналар порталда «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімін таңдау арқылы кіріп, өтініш береді және қажетті құжаттарды тіркейді. Құжаттар тапсыру мерзімі – 15 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды.

Ата-ананың «жеке кабинетіне» баланың қабылданғаны не болмаса себебі көрсетілген қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама келеді.
Бұл үшін ата-ана тек қана 4 құжат тапсыруы қажет: ✔️баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; ✔️"Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 форма;
✔️063/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✔️3x4 көлеміндегі фото - екі дана.

Сіздердің назарларыңызға тағы бір рет ескертетін жайт: мектептің қабылдау комиссиясы оқуға өтініш берген кезде басқа қосымша құжаттарды талап етпеуі тиіс.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін порталға қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы электронды түрде (скан.нұсқасы, фото) заңды өкілдердің келісімімен ұсынылады.

Кез-келген өзгерістер туралы ақпарат мектептің ресми сайтта және әлеуметтік желілерде хабарланайтын боламыз.


Комментариев нет
355 просмотров
Автор: 10mektep
Добавлено: 30.05.2020 в 15:10

Возможно вас заинтересует...!