Меню KDT
Қабылдау комиссиясы - 1 сыныпқа құжаттарды тапсыру 1 маусымда басталады

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, сондай-ақ,  мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі EGOV.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған. Ата-аналар порталда «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімін таңдау арқылы кіріп, өтініш береді және қажетті құжаттарды тіркейді. Құжаттар тапсыру мерзімі – 15 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды.

Ата-ананың «жеке кабинетіне»  баланың қабылданғаны не болмаса себебі көрсетілген қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама келеді.


Бұл үшін ата-ана тек қана 4 құжат тапсыруы қажет:

 ✔баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 

✔"Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 форма;

✔063/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✔3x4 көлеміндегі фото - екі дана.

Сіздердің назарларыңызға тағы бір рет ескертетін жайт:  мектептің қабылдау комиссиясы оқуға өтініш берген кезде басқа қосымша құжаттарды талап етпеуі тиіс.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін порталға қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы электронды түрде (скан.нұсқасы, фото) заңды өкілдердің келісімімен ұсынылады.

           Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 маусымынан басталады. Жаңа оқу жылына дайындық мақсатында 17 тамыздан бастап мектептерде ата-аналардың өтініші бойынша ақысыз негізде жазғы мектеп жұмысын өткізу жоспарлануда.

Кез-келген өзгерістер туралы ақпарат ресми сайтта және әлеуметтік желілерде хабарланайтын боламыз.

Руководство пользователя «Зачисление в 1 класс» Для подачи заявления на зачисление ребенка 1 класс, родителю требуется зайти на портал: http://school.nursultan.e-orda.kz ,
затем на главной странице сайта нажать «Зачисление в 1 класс»





Комментариев нет
772 просмотров
Автор: 83mektep
Добавлено: 29.05.2020 в 17:16

Возможно вас заинтересует...!