← Назад к новостям
Соңғы қоңырау

Соңғы қоңырау

b1312skobilim
25.05.2020 в 14:45
359 просм.
Нет комментариев

Құрметті ұстаздар, түлектер және ата-аналар, ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!
Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңіріп, тәлімімен жүрегін суарып, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанып, біліми көкжиегін бойына дарытып келенді. Біз әрқашан олардың бойындағы осынау өміршең өзгерістерді байқап, олармен бірге қуанып, бірге мақтанамыз.
Бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезінде сақтық шараларын ескеріп, бүгін, яғни 25 мамыр күні М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде ата-аналар, қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн-соңғы қоңырау өтті.
Қашықтықтан өткен сынып сағаттарында 2019-2020 оқу жылының қорытындысы айтылып, ұстаздар мен оқушылар өткен жылға сараптама жасады. Әр оқушы облыс әкімдігінің, мектеп директорының жүрек жарды тілектерін қашықтықтан тыңдап, келер оқу жылына жаңа бағыт алды.

  Оқушылардың видеосын ссылка арқылы көре аласыздар 
https://www.facebook.com/profile.php?id=100022843364704

Автор: b1312skobilim · 25.05.2020
359
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT