← Назад к новостям
Соңғы қоңырау және салтанатты жиынды өткізу тәртібі

Соңғы қоңырау және салтанатты жиынды өткізу тәртібі

68mektep
23.05.2020 в 15:36
464 просм.
Нет комментариев

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ. ТОҚАЕВТЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ЕЛІМІЗГЕ ТЖ РЕЖИМІ ЕНГІЗІЛГЕН УАҚЫТТА КӨПШІЛІК ОРЫНДАРЫНДА ӨТЕТІН МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАРЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ НЕМЕСЕ ОНЛАЙН ФОРМАТЫНА АУЫСТЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН.


Соңғы қоңырау және салтанатты жиынды өткізу тәртібі
 
2019-2020 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Бұл ретте білім беру мекемелерінде соңғы қоңырау салтанатты жиынын өткізу тәртібі өзгеріп отыр. Мәселен, 1-10 сыныптар үшін мектеппен қоштасу рәсімі онлайн форматында, сынып сағаты сипатында өткізілетін болады. Осыған сәйкес 2020 жылғы 23 мамыр күні ZOOM платформасында арнайы жиын өтті. Мектептің ата-аналар комитеті мүшелерінің қатысуымен өткен жиында Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаева соңғы қоңырау және салтанатты жиын өткізу тәртібі туралы түсіндіріп өтті.
2020 жылғы 25 мамыр күні 1-10 сынып жетекшілері өз сыныптарымен ZOOM платформасында сынып сағатын ұйымдастырып, оқу жылын қорытындылайтын болады. Мектеп директоры комитет мүшелеріне бұл шаралар COVID-19 індетінің таралып кетпеуін қадағалау мақсатында, осыған орай ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екендігін атап өтті.
 

Автор: 68mektep · 23.05.2020
464
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT