Бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн қашықтықтан жиналыс өткізілді
Бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн қашықтықтан жиналыс өткізілді
Бугін 21 мамырда 2020 жылы № 58 мектеп - гимназиясында бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн қашықтықтан жиналыс өткізілді.
Жиналыста 5 сұрақ талқыланды: бірінші сұрақ бойынша мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.И.Алиханова «Zoom» бейне-стримингтік сервисі арқылы 25 мамыр күні қашықтан сынып сағаттарын өткізу туралы таныстырып өтті. Бұл күні бастауыш сынып оқушыларына түгел «Соңғы қоңырау» мерекесі онлайн түрінде өткізіледі және оның өткізілу уақытына және формасына шектеу қойылмайды. Екінші сұрақтар бойынша мектеп психологы А.Б.Ахметова оқушылардың демалыс уақытындағы өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы кеңінен түсіндіріп өтті және таныстырылымдар көрсетті. Жазғы демалыс кезінде әрбір баланың және әрбір ата-ананың есте ұстауы қажет деп табылатын маңызды ережелер мен әдіс-тәсілдерді көрсетті. Төртінші мен бесінші сұрақ бойынша мектеп директоры Нугуманова С.Б. сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бұл туралы арнайы қаулылар мен бұйрықтарды оқып берді. Өз сөзінде заңды және жеке тұлғалардан сыйлық алуға қатаң тыйым салынатындығын, ресми кездесу кезінде арнайы сыйлық алған жағдайда мемлекетке қайта тапсырылатындығын, құрмет пен сыйды сатып алмау қажеттігін, мақсатты нәтижеге тек өз мүмкіншілігімізбен жету керектігін баса айтты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын тек пара бермеу және пара алмау арқылы ғана тоқтатуға болатындығын түсіндіріп өтті. Онлайн жиналыс жоғары дәрежеде өтті.