← Назад к новостям
Онлайн қашықтықтан жиналыс өткізілді

Онлайн қашықтықтан жиналыс өткізілді

58mektep
20.05.2020 в 13:10
470 просм.
Нет комментариев

Бугін 20 мамырда № 58 мектеп-гимназиясында онлайн қашықтықтан жиналыс өткізілді.
Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, 5-11 сынып жетекшілермен мұғалімдер, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Тойбекова Жұлдыз Мейрамовна.
Күн тәртібінде 5 сұрақ қарастырылды: 1) Соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру рәсімін өткізу туралы; 11 сынып жетекшілерге мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау мен салтаннаты іс-шара бойынша алгоритмі мен жоспары таныстырылды. Санитарлық ережені қатан сақтау бойынша ескертілді. Баяндаушы: Бимендин Болат Дусимбекұлы, ТіЖ орынбасары.
2) Түлектердің, оқушылардың демалыс уақытындағы өмір қаупсіздігін қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтар берілді. Баяндаушы: Ахметова Асият Бапановна - мектеп психологы, Нургалиева Гулден Есімқызы - мектеп инспекторы.
3) Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың ережесін сақтау туралы мектеп медбикесі Шакина Ақмаржан Карагулова түсіндіріп берді.
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі ережелер бойынша түсіндірме жұмыстар мектеп директоры Нугуманова Самал Ботаханқызы жүргізді. Жаднама дайындалып сынып жетекшілерге, мұғалімдерге таратылды.
5) Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрықпен мұғалімдер танысты. Баяндаушы: мектеп директоры Нугуманова Самал Ботаханқызы














Автор: 58mektep · 20.05.2020
470
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT