Меню KDT
Жемқорлықты алдын алу іс-шаралары


«Шал ақын ауданының Бірлік негізгі мектебі» КММ спорт залында ата-аналарға «Адал жол –Честный путь» марафоны жоспарына сәйкес «Қазақстан – жемқорлықсыз, құқықтық мемлекет» атты лекция оқылды. Қатысқан ата-аналар саны: 15 (жалпы санына қарағанда 72%).

Лекцияны мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары Шукенов Адай Қайрашұлы жүргізіп, ата-аналарға сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отырғанын, үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатынын, ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататынын басым айтып өтті. Лекция барысында қосымша «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында презентация мен әлеуметтік видеороликтер көрсетіліп, лекция тақырыбын аша түсті.

қатар көлеңкелі тұсы бірге жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуіне, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту ол - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылатыны түсіндірілді.

 Оқушылар арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылып, мектеп стендінде жеңімпаздар жарияланды, ата-аналарға арнайы нұсқауллықтар мен хабарламалар ілінді.

ДТІЖО:                        А.К.Шукенов


Комментариев нет
105 просмотров
Автор: b1319skobilim
Добавлено: 17.10.2019 в 14:40

Возможно вас заинтересует...!