Меню KDT
Қарттар күніне арналған іс-шаралар


 Қазақ халқының  «Төріңнен қартың  кетпесін» деген тамаша сөзді басшылыққа алып 1-қазан күні мектеп қабырғасында мектебіміздің ардагер ұстаздардың шақырылуымен мерекелік іс-шара өткізілді. Мектепке қонаққа ардагер ұстаздар Жатаева С.Е., Бейсенбаева Р.Ә. Талипова Б. келді. Мектепке келе алмаған қарттарымызды «Қарттар күніне» орай, өмірімізді көркейткен ата-әжелеріміздің үйлеріне барып, «Қарттар күнімен» құттықтап, оқушылардың қолдан жасаған қолөнерлерін сыйлап, көмек көрсетіп, ақ баталарын алды.

Сынып жетекшілері 1-9 сынып оқушыларына «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты тәрбие сағаттарын өткізді.

 «Атаңа не істесең - алдыңа сол келер» деген дана сөзді ұран қылып ұстанған мектеп оқушылары ел ақсақалдарына көмектесуді жылдық әдетіне айналдырған.

ДТІЖО:          Шукенов А.Қ   


Комментариев нет
233 просмотров
Автор: b1319skobilim
Добавлено: 01.10.2019 в 14:32

Возможно вас заинтересует...!