Меню KDT
Тілдер апталығы


16 – 21 қыркүйегі аралығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халықтарының тілдері мәртебесін көтеру мақсатында Бірлік негізгі мектебінде 1-8 сыныптар аралығында «Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» тақырыбында тілдер апталығы болып өтті. Тілдер апталығында бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды. 16 қыркүйек күні тілдер апталығының ашылу салтанаты болды. Апталықты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі бақтыбаева Аида Жақсылыққызы  құттықтау сөзімен ашып, апталықтың іс – шара жоспарымен таныстырды. 5-8 сыпытар  «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбында әдеби — әуенді кеш қойса, барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары жүргізілді. Тілдер апталығының өтілуі барысында шығарма жазу конкурсы, мәнерлеп оқу, жарыстары өткізілді. «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», — деп Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын десек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтайық, ағайын! Жақсы істер жалғасын таба береді.


Комментариев нет
156 просмотров
Автор: b1319skobilim
Добавлено: 24.09.2019 в 14:29

Возможно вас заинтересует...!