Меню KDT
Қашықтықтан оқыту

2020 жылғы 6 сәуірден  бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқуға көшеді.


Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту (қашықтықтан оқыту) – интернет-ресурстар мен ТВ-телесабақтар арқылы жүзеге асырылатын және оқу процесіне тән компоненттерді қамтитын педагог пен білім алушылардың қашықтықтан өзара әрекеттестігі.ҚБТ - оқу процесіне тиісті компоненттерді бейнелейтін және телевизиялық (телесабақтардың), желілік және кейс-технологиялар көмегімен іске асырылатын педагог пен білімалушының қашықтықтан өз ара қарым-қатынасы арқылы жүргізіледі.Телевизиялық-сабақтарды республикалық теледидарларда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің келісімі бойыншажүзеге асырылатын болады: қазақ тілінде білім алушыларға арналған сабақтар - «Balapan» телеарнасынан (аудиосабақтар «Қазақ радиосы» арқылы), орыс тілінде білім алушыларға арналған сабақтар – «ЕЛ АРНА» телеарнасынан (аудиосабақтар «Радио классик» арқылы) аптасына бес күн сайын әр сабақ            10 минуттан трансляция жүргізіледі.


Комментариев нет
269 просмотров
Автор: b1321skobilim
Добавлено: 19.05.2020 в 15:25

Возможно вас заинтересует...!