← Назад к новостям
15 мамыр - халықаралық отбасы күні

15 мамыр - халықаралық отбасы күні

31mektep
15.05.2020 в 09:00
294 просм.
Нет комментариев

Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.

"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.

Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!

Автор: 31mektep · 15.05.2020
294
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT