Gold Step би академиясы шын жүректен Ұлы Жеңіс Күнімен баршаларыңызды құттықтайды
Құрметті достар, ата-аналар, әріптестер, тәрбиеленушілер Gold Step би академиясы шын жүректен Ұлы Жеңіс Күнімен баршаларыңызды құттықтайды! Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне деген алғысымыз шексіз!!!
Әрдайым аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі тілекті білдіре отыра, біздің академия жетекшісі мен хореографтың қатысуымен өткен Ұлы Отан Соғысының батыры Бауыржан Момышұлына арналған жоба видеосын сіздерге жолдаймыз.
Автор: 58mektep
Добавлено: 09.05.2020 в 16:09