Меню KDT
№84 мектеп-лицейінің 1-6 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында қашықтық сайыс ұйымдастырылды



Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  №84 мектеп-лицейінде құрылған іс-шаралар қатарында 1-6 сынып оқушылары арасында қашықтық сайыс  ұйымдастырылды.  Telegram желісі арқылы ұйымдастырылған сайысқа қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, қысқа бейнебаян жолдау арқылы қатысты. Ал жеңімпазды анықтау көрермендердің еншісінде болды. Кез келген адам, сілтеме арқылы  кіріп тамашалап, ұнатқан орындаушысына өз даусын беруге мүкіндік болды. Яғни орындаушылар тек шығарманы жаттап қана қоймай, өз таныстары арасында насихаттау жұмысын жүргізіп, топтағы бейне-роликке дауыс жинауға да мүмкіндік алды.

Сайыс өз мақсатына жетіп, 800-ге жуық көрерменнің көзайымына айналды. Ата-аналар мен оқушылар сілтеме арқылы кіріп, оқушылардың нақышты өлеңдері мен ғибратты сөздерді қалай орындағандарына өз бағасын берді.

Сайыс нәтижесі екі бағытта бағаланды. Бірінші бағытта Ұлы ағартушымыздың қара сөздерін жаттап, насихаттаған 20 оқушының ішінен  оза шапқан 6«А» сынып оқушысы Есенгелді  Нұрсая, 86 дауыс жинап – гран-при жүлдегері атанды, 3«Д» сынып оқушысы - Қуанышева Асыл 24 дауыспен - І орын иеленді, ал ең  кішкентай қатысушымыз, 1«Ж» сынып оқушысы Тәжібек Мерей мен   6«В»  сынып оқушысы Құнапияұлы Бекжан алты-алты  дауыстана жинап - ІІ орынды бөліссе, ІІІ орынды 3«А» сынып оқушысы Келдіжанова Сария топ жарды.

Екінші бағыт бойынша  Абай Құнанбайұлының өлеңдерін насихаттау бөлімінде  қатысушылардың саны 57-ге жетті, ал көрермендер саны 800-ден асты. Әр түрлі жастағы оқушылардың жас ерекшелігіне қарамастан сайысқа түсіп, осынша көрермен жинауының өзі сайыстың жоғарғы мақсатқа қол жеткізгендігінің белгісі деп білеміз. Аталған бағытта 7 оқушы топ жарып, көрермен  дауысының  басым бөлігін иеленді. Гран-при жүлдесін,  3 «Д» сынып оқушысы, Назым Жанайым, 293 дауыспен ұтып алды, ал оның сыныптасы  Жазыбай Кәусар үш бірдей шығармасын ел назарына ұсынып, үш желіде дауыс жинап, І орынға ие болды, оның ең жоғарғы көрсеткіші 288 дауыс болды.  4 «И» сынып оқушылары Уважанова Балнур мен Алмас Санжар – ІІ орын иеленсе, аталмыш сынып оқушысы Султанбаев Имран мен 4 «К» сынып оқушысы  Пищелев Богдан ІІІ орынға табан тіресті.

Ерекше өнерімен көзге түсіп «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре шырқаған  - Асыл Данияр мен Абай атамыздың туындысын   ағылшын тілінде орындаған Адалиев Даниял алғыс хатпен марапатталды. 

(https://t.me/abay175_84school - парақшасы арқылы сайыс нәтижесіне көз жеткізуге болады.)

 

Аты-жөні

Сыныбы

Дауыс саны

Алған ұпай саны

Шығарма атауы

Абай Құнанбайұлының қара сөздері

Гран-при

Есенгелді  Нұрсая

86

 80

16 қара сөз

1.      

Қуанышева Асыл

24

63

3 қара сөз

2.      

Тәжібек Мерей

6

1

5 қара сөзі

 

Құнапияұлы Бекжан

6

27

6 қара сөз

3.      

Келдіжанова Сария

5

1

20 қара сөз (даусы,дикциясы)

Абай Құнанбайұлының өлеңдері

Гран-при

Назым Жанайым

293

44

Жүрегім нені сезесің

1.      

Жазыбай Кәусар

288

43

Желсіз түнде жарықай (стих)

 

Жазыбай Кәусар

46

7

Құлақтан кіріп бойды алар

 

Жазыбай Кәусар

96

47

Қыс

2.      

Уважанова  Жаннур

276

51

Құлақтан кіріп бойды алар

 

Алмас Санжар

219

40

 Огнем и пламенем рожден

3.      

Султанбаев Имран

84

41

Будь разборчив в пути своем

 

Пищелев Богдан

72

61

Қараңғы түнде тау қалғып (на 2х яз)

 





Комментариев нет
270 просмотров
Автор: 84mektep
Добавлено: 03.05.2020 в 12:46

Возможно вас заинтересует...!