№51 мектеп-гимназиясында 9-мамыр Ұлы жеңістің-75 жылдығы қарсаңында қашықтықтан «Ұлы жеңіс ұрпаққа аманат» атты акциясы болып өтті.
№51 мектеп-гимназиясында 9-мамыр Ұлы жеңістің-75 жылдығы қарсаңында қашықтықтан «Ұлы жеңіс ұрпаққа аманат» атты акциясы болып өтті.
Ұлы Жеңістің- 75 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы.
Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!
Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгер аталарымыздың шөберелеріне кезек берсек.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены