ӘКЕММЕН БІРГЕ...
ӘКЕММЕН БІРГЕ...
Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі.
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейдің 5 «Д» сыныбының әкелері бала өміріне із қалдыратын осы тәрбиені Төтенше жағдайға қарамастан қолға алыпты.
Оқушылар әкелерімен бірге кітап оқып қана қоймай, рухани бір бағытқа бет алатыны айтпаса да түсінікті.
Өз ұрпағының ертеңгі күніне алаңдап, бірге қадам жасап, үн қосып отырған әкелерімізге ризашылығымызды білдіреміз.
Мектебімізде бала тәрбиесіне ерекше үлес қосып отырған әкелеріміздің барына сенімдіміз. Олай болса, әкелерден жақсы жаңалықтар күтеміз...
ӘКЕММЕН БІРГЕ...
Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі.
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейдің 5 «Д» сыныбының әкелері бала өміріне із қалдыратын осы тәрбиені Төтенше жағдайға қарамастан қолға алыпты.
Оқушылар әкелерімен бірге кітап оқып қана қоймай, рухани бір бағытқа бет алатыны айтпаса да түсінікті.
Өз ұрпағының ертеңгі күніне алаңдап, бірге қадам жасап, үн қосып отырған әкелерімізге ризашылығымызды білдіреміз.
Автор: 37mektep
Добавлено: 28.04.2020 в 22:24