9-23 сәуір аралығында №84 мектеп лицей кітапханасы оқушылар мен ұстаздар арасында виртуалды BOOKDATING ұйымдастырды. Нұр-Сұлтан қаласында қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында карантин жарияланған себебінен оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау жұмысы іске асырылды.Бұндай іс-шара мектеп кітапханасында бірінші рет BOOKDATING ұйымдастырылып отыр. Бәріміз үйде отырғандықтан ,сабақтар қашықтық түрде өтуіне байланысты біз кітапханашыларға мынандай ой келді. Барлық кітап сүйер оқырмандарды бір алаңға жинап, бірін бірімен кітап алмасуға жағдай жасадық. BOOKDATING өту мерзімінде көбі жәй ғана кітап оқу мен ғана шектелмей , рухани байытуға ден қойып,өздерін карантин кезінде қызықты уақыттарын өткізді.
Виртуалды BOOKDATING тын нәтижесі:
Жүлделі орындар:
1орын – Алтайбек Айдана 6 «Б» сынып
2 орын – Алтынбекқызы Айзере 4 « Б» сынып
2 орын- Бейсенәлі Кәусар 2 «А» сынып
3орын- Әлсейіт Әлмина 2 « А» сынып
3 орын – Куанышев Нурислам 3 «З» сынып
Номинациялар:
«Ең креативті кітаптың тұсаукесері»- Амерханова Алуа 3 «А» сынып
«Ең өнегелі оқиға» - Аскербай Нұржауар 1 «Д» сынып
«Ең танымды кітап» -Теміртас Марьям 2 «Ә» сынып
«Ең ерекше кітап» - Жеңіс Әлібек 6 «Б» сынып
« Ең әсерлі кітап» - Манарбек Кәусар 2 «В» сынып
«Ең әсерлі кітап» - Таңсық Аманай 10 «А» сынып
№84 мектеп лицей кітапханасы атынан барлық қатысушыларға ризашылығымызды айтамыз. 

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены