1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғынға елімізден аттанғандардың ішінен 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы - қазақтар. Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75-жыл толды. Соған орай мектеп оқушылары өзі аталарының ерлігі жайлы әңгімелеп берді. Ұлы Жеңістің батырларына арнап ән, өлеңдерін шумақтарын арнады.
https://www.facebook.com/23mektep.astana/videos/250408396333008/
https://www.facebook.com/23mektep.astana/videos/252625022778012/
https://www.facebook.com/23mektep.astana/videos/256510122389502/
https://www.facebook.com/23mektep.astana/videos/256518752388639/
https://www.facebook.com/23mektep.astana/videos/256518989055282/
https://www.facebook.com/23mektep.astana/videos/257956098911571/
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены