Меню KDT
Абай Құнанбаевтың-175 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері және жыршы –термеші Қасымхан Алдабергеновпен КЕЗДЕСУ КЕШІ


А.Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында  Ұлы Отан соғысының ардагері, педагог-журналист,жыршы-термеші  Республикалық ақындар айтысының 4 дүркін жеңімпазы,               94 жастағы Қасымхан Алдабергенов атамен кездесу кеші өтті.  Кешті жүргізу тізгінін кешіміздің қонағы ардагер журналист Қажы Қорғанұлы  өз қолына алды. Кешті мектебіміздің директоры Меруерт Әбітайқызы салтанатты түрде ашып берді. Мектеп директоры қазіргі таңда мектебіміздің ашылғанына 10 жыл толғанын, ең алғаш  ашылу салтанатына  сол кездегі ҚР-ның Білім және ғылым министрі  Б.Ж.Түймебаев мырзаның  өзі келгенін  тілге тиек етті. Оқушыларды шығармашылыққа баулитын үлкен кештер, кездесулер мектебімізде көптеп өткізіліп тұрады. Соның бірі балалар жазушысы Толымбек Абдрайыммен, белгілі тележүргізуші Берік Уәли мырзамен кездесулер өткен болатын.

Тоқсанға тозбай келген  майдангер аға  жас жеткіншектерге өлең жырдың туын 5-ші сыныптан бастап желбіретіп, 80 жыл бойы өнер бәйгесінде бақ сынасқанын әңгімелеп берді.

вывы

вава

Жалпы Қасымхан ата туралы тоқталып өтсем:

Қасымхан Алдабергенов 1925 жылы Қостанай облысының Жетіқара ауданында дүниеге келген.

4 сыныпта оқып жүргенде мектеп директоры шақырып алып, облыста өтетін өнерпаздар конкурсына қатысасың,  және өзіңнің айтып жүрген термелеріңді  орындайсың - деп айтады.Содан бері 80 жыл өтті. Қасымхан аға сахнадан  түскен жоқ.

Республикалық ақындар айтысына қатарынан 20 жыл қатысып, 4 мәрте  жеңімпаз атанды.1961 жылы «Правда» газетінде  «Сельский учитель стал лауреатом»-деген мақаласы жарияланды. Сол-ақ екен бүкіл республикалық, облыстық, газет-журнал, радио журналисттері Қасымқан ағаға хабарласып, жан-жақты насихаттады. Қасымхан ағаның қос мамандығы бар. 20 жылдан астам ұстаздық қызмет атқарса, ширек ғасыр бойы облыстық, аудандық газеттерде тілші болған.

    Ұлы Отан соғысының ардагері, Батыс Европаны жауда азат етуге қатысып,үлкен ерлік көрсеткен.Пулеметші Қасымхан Алдабергенов ағаның омырауында сол ерліктің дәлеліндей, сан алуан ордендер мен медальдар жарқырайды.Бүгінде  жасы  95-ке  толғалы  тұрған,жауынгер аға Ұлы Жеңістің 75 жылдығын қарсы алуға дайындалуда. Мәскеуде  өтетін парадқа баруға үміттенуде.    Қасымхан аға бүгінде  тым ширақ.

Әсіресе, кемеңгер Абайдың «Масғұт», «Ескендір, дастандарын қазақ телевизиясының «Алтын қорынан» сыр бойының мақамымен төгілте жырлап, көрермен қауымның құрметіне бөленгені жайында  бейнехабардан үзінді көрсете отырып, баяндағаны  оқушыларға ерекше әсер етті. Мектептің өнерлі жастары  Абай өлеңдері мен  әндерін келістіре орындап, қазақтың бас ақынының  өмір жолы жөнінде  тың мәліметтер келтірді.

Кездесуде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары - Қабылова Айбат Фазылқызы   майдангер атаны келе жатқан Ұлы Жеңістің -75 жылдығымен құттықтап, «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдады. Ал жас жеткіншектер болса, Қасымхан атаға қошемет - құрмет көрсетіп, әсем ән мен тәттікүйді тарту етті.

вавыв

ывы


Комментариев нет
393 просмотров
Автор: 57mektep
Добавлено: 25.04.2020 в 18:09

Возможно вас заинтересует...!