Меню KDT
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Еліміздегі жүріп жатқан COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап Нұр-Сұлтан қаласы «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» КММ-нің ұстаздары қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, оқу үдерісін ұйымдастыратынын хабарлайды.


    Оқу-сабақтары мен конференцияларды пән мұғалімдері, сынып жетекшілер қойылған кестелер бойынша өткізеді. Сабақ кестесі туралы ақпаратты сынып жетекшілері сыныптың ата-аналарына ұялы байланыс арқылы жеке хабарлап айтады. Әр пәнді (1 бейнесабағы/конференция) оқыту ұзақтығы - 10-15 минут. Қашықтықтан оқыту үшін Zoom, Classroom, Kundelik.kz т.б. платформаларын пайдаланамыз. Ол үшін интернетке қосылған компьютер немесе телефон қажет. Zoom, Classroom платформалары арқылы өткізілетін сабақтардың сілтемесін әр пән мұғалімдері сабақ басталардан бұрын оқушыларға жіберіп отырады.
    Kundelik.kz (журнал және күнделік) платформасы арқылы тапсырмалар мен оқу материалдары, ата-аналарға арналған хабарландырулар, үй тапсырмасы және оны тексеру, сонымен қатар оқушы, ата-ана мен мұғалім арасындағы кері байланыс жүзеге асырылады. WhatsApp желісі арқылы да мұғалімдер балалармен байланыста болады.
    Сонымен қатар, оқушыларымыз теледидар арқылы да білімдерін қосымша толықтыра алады. Қазақ тілінде білім алушылардың сабақтары "Балапан" телеарнасында, орыс тілінде білім алатындарға «Ел-Арна» телеарнасында жүргізіледі.Теледидардағы сабақтар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден сағат 15-00-ге дейін көрсетіледі.
    Құрметті ата-аналар, барлық сұрақтар мен ұсыныстарды сынып жетекшілеріңіз арқылы жолдасаңыздар, біз оларды бірге шешеміз.
Әрине, алғашында қиын және түсініксіз болуы мүмкін, бірақ бұл барлығымыздың қолымыздан келетін іс. Кез келген мүмкіндікті пайдаланып, оқушыларға білім беру- басты міндетіміз. Бір-бірімізді қолдайық және көмектесейік БІЗ БІРГЕМІЗ!
    Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз! Сүйікті мектебімізде аман-есен жүздесіп, кездескенше!!!
 
 
Мектеп әкімшілігі.


Комментариев нет
250 просмотров
Автор: 87mektep
Добавлено: 05.04.2020 в 09:00

Возможно вас заинтересует...!