Біздің мектепте «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» пәнін қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылған?
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 6 «Г» сынып оқушылары Наурызбай Адия, Жолдас Айша, Марден Жания, Иманхан Қазына «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» пәнінен алған білімдері бойынша пән мұғалімі Ерғалиева Файнур Балташқызына кері байланыс жасау үстінде!
«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» пәні - бағалау «есептелінді»/ «есептелінбеді» түрінде өткізілетін және теледидарда көрсетілетін пәндер тізбесіне енбеген пәндердің қатарына кіреді, соған қарамастан біздің мұғалімдер өз пәндері бойынша бейнеконтент әзірлеп, сабақты қашықтықтан жүргізуде. Сонымен қатар, тағам әзірлеу, қолөнер бұйымдарын, макеттер және т. б. жасау бойынша нұсқаулықтарын әзірлеп, оқушылармен кері байланыс жасауда.
Оқушыларымыз барлық техника қауіпсіздік ережелерін сақтап, ата-аналарының бақылауымен дәмді тағамдар (бауырсақ, тұшпара, торт, тәтті бәліш) әзірлеп, отбасыларын қуантуда! Бейне-есептерді қабыл алыңыздар!

https://www.facebook.com/100046050765397/videos/pcb.836629466819195/154366452775046/?type=3&theater&ifg=1
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены