Телесабақтар дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 08:00-ден бастап 11:00 аралығында 1-6 сыныптың оқу пәндері бойынша қазақ тілінде өткізіледі.
13 сәуірден бастап еліміздегі орта білім беру ұйымдарына арналған бейнесабақтар «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан көрсетіле бастайды.
⠀
Телесабақтар дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 08:00-ден бастап 11:00 аралығында 1-6 сыныптың оқу пәндері бойынша қазақ тілінде өткізіледі.
⠀
«Qazaqstan» телеарнасын www.qazaqstan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады. «Android», «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
⠀
Бейнесабақтар сонымен қатар «Qazaqstan» телеарнасының You Tube желісіндегі ресми арнасы мен Facebook-парақшасында тікелей трансляцияланады.
⠀
2020 жылғы 6 сәуірден бастап еліміз бойынша 3,2 млн оқушы қашықтан оқуды бастады. Осы мерзімнен бастап қазақ тілінде білім алатын 1-11 сынып оқушылары үшін бейне және аудиосабақтар «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Balapan» телернасы мен «Qazaq radiosy» арқылы ұсынылып келеді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены