Оқушыларымыз көктемгі каникул уақытын карантин кезеңінде өткізілуіне қарамастан үйде, отбасында отырып, өздерінің сүйікті істерімен айналысып, ұстаздарымен қашықтан болса да байланыс жасау арқылы өздерінің жасаған жұмыстарын, шығармашылықтарын, оқыған өлеңдері мен музыкалық өнерлерін жолдап, шыңдау үстінде. Күнделікті сабақ кезіндегі мектеп, оқушы, мұғалім арасындағы ыстық қарым- қатынас, өзара қызу әңгімелер, бір- бірінің жүздерін көріп сәлем- сауқат сұрасқан күндерді кәзір бәрі бір- біріне деген сағынышын жеткізіп, жүздесуін асыға күтуде. Лайым ол күннің де келер уақыты алыс емес. Бәріміз кәзіргі еліміздің саулығын сақтаудағы ережелер мен талаптарды мұқият орындасақ, біз бәрін бірге жеңеміз! Көктемгі каникулдың соңғы аптасы аяқталуға жақын қалып, мұғалім, оқушы, ата- ана болып жаңа тәжірибемен бастағалы отырған оқу жылының 4- ші тоқсаны қашықтан білім беру жүйесіне қызу да қарқынды дайындық үстінде. Ұстаз бен шәкірт арасындағы сағыныш бүгінгі 1- ші сәуір күні өткізілген қашықтан оқыту сынама сабағында көрініс тапқаны байқалады. Сыныптағы оқушылар бір- бірін ZOOM желісі арқылы көріп мәре- сәре болып, сынып сағатын, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, қуанысып қалды. Осындай керемет көңіл - күймен бастағалы отырған оқу тоқсанымыздың сәтті болып, барша халықтың тілегі орындаларына сенімдіміз. Ендеше " БІЗ БІРГЕМІЗ" деген ұранмен алға нық қадам жасайық.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены