Танымдық-кездесу кеші өтті
20 ақпан күні №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің жетекшісі Ерлан Рысқали бастаған өнерпаздардың лицей оқушыларымен танымдық-кездесу кеші өтті. Ұлы Абайдың шығармалаын насихаттау және ұлттық өнерді мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген кездесудің тағылымы мол, танымы кең болды. Онда Абай әндерінің тарихы, ұлттық музыкалық мұралар жөнінде айтылып, оқушыларға кеңінен түсінік берілді. Сонымен бірге Ерлан Рысқали қазақ музыкалық өнері туралы, домбыра аспабы жайында көңілді ойындар ұйымдастырып, үздік шыққан оқушыларға тегін концерттік билеттер таратты. Көмейінен әсем ән мен домбырасынан тәтті күй төккен өнерпаздар Ерлан Рысқали, Ерболат Шалдыбеков, Ақерке Тәжібаева, Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан, Күнсұлу Түрікпен, Нұрлытаң Ермек жоғары деңгейде өз өнерлерін паш етті. Жанды дауыспен жаныңды жадыратқан әсем әндер көрермен көңілінде ұзақ сақталары анық. Кеш соңында оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін арнады. Бұдан былай да осы ұжым өнерпаздарымен жиі қарым-қатынас орнатып, дәстүрлі ән мен күйдің, ұлттық өнердің абыройын асқақтату туралы ойлар айтылды.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены