Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мектепішілік «Абай оқуы» сайысы болып өтті
Бүгін, наурыз айының 2-ші жұлдызында, мектебімізде 5-6-сыныптар арасында қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мектепішілік «Абай оқуы» сайысы болып өтті. Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері – Байтенова Гүлім Жақсылыққызы мен Зейнолова Гүлназ Амантайқызы.
Сайыс мақсаты: ұлылардың ұлысы Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, «Сөз патшасы – өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау. Байқауға 5-6-сынып оқушылары белсенді қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Сайыс үш бөлімнен тұрды:
1. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу);
2. «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндері мен күйлерін орындау);
3. «Өлмейтұғын артына із қалдырған» (Абай қарасөздерін жатқа айту).
Әділқазылар әр бөлім бойынша оқушыларды бағалап, жеңімпаздарды анықтады.
Сайыс қорытындысы: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 1-орын – 6 «А» сынып оқушысы Шұғай Нұртілеу, 5 «Б» сынып оқушысы Калыков Әділхан. 2-орын – 6 «Б» сынып оқушысы Бейсембаева Аружан, 6 «Б» сынып оқушысы Валиева Жансая. 3-орын - 6 «А» сынып оқушысы Шораева Зарина, 6 «Г» сынып оқушысы Хасетова Аружан. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 1-орын – 6 «А» сынып оқушысы Есенай Малике, Женгулова Аделя, 2-орын – 6 «А» сынып оқушылары Шораева Зарина, Кенжегалиева Дильназ, 5 «Б» сынып оқушылары Рахимжанова Даяна, Утешова Айтолқын, 3-орын - 6 «Ә» сынып оқушысы Сейтжанова Аружан, 5 «В» сынып оқушылары Ғалым Самира, Куанышбаева Адина, 5 «Г» сынып оқушысы Еркеш Өмірзақ.
«Өлмейтұғын артына із қалдырған» номинациясы бойынша 1-орын - 6 «А» сынып оқушысы Сагденова Меруерт, 2-орын - 6 «В» сынып оқушысы Талгатов Ернұр, 5 «В» сынып оқушысы Нургазин Даниал. 3-орын - 6 «Ә» сынып оқушысы Бимагамбетова Аделя, 5 «Б» сынып оқушысы Орақ Елнұр, 5 «А» сынып оқушысы Есенбулат Аружан.
Жеңімпаз оқушылар арнайы мақтау қағаздармен марапатталып, естелікке суретке түсті. Бұл оқушылар енді мектеп намысын қалалық «Абай оқуы» сайысында қорғайтын болады. Қазақтың атын өшірмей, шырағын жаққан, өзгелерге танытқан ақын атамыздың қазаққа қара өлеңімен сіңірген еңбегі мол. Абай атамыз біз үшін әрқашан дара әрі дана болып қала бермек. Абай атамыздың өлеңдерінен нәр алған жас өркендердің өлең өнерінде шарықтап, өз орындарын табарына, ойы ұшқыр, сөз қадірін түсінген жас дарындардың алар белестері бұдан да биік боларына кәміл сенеміз.
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 02.03.2020 в 18:00