Меню KDT
Короновирустың таралуын алдын алу жұмыстары

Короновирустың таралуын алдын алу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, барлық қазақстандық мектептер 16 наурыздан бастап 6 сәуірге
дейін каникулға шығады. Сабақ 6 сәуір күні басталады.


Құрметті ата-аналар комитеттерінің төрағалары және ата-аналар!
Короновирустың таралуын алдын алу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, барлық қазақстандық мектептер 16 наурыздан бастап 6 сәуірге
дейін каникулға шығады. Сабақ 6 сәуір күні басталады.
3 тоқсанды ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында, барлық қорытынды жазба жұмыстарын 13,14 наурыз күндері аяқтау маңызды. Осыған орай
хабарлаймыз, осы күндерге екінші ауысым үшін уақытша сабақ кестесін енгіземіз. Сенбі күні сағат 09:40 –та (бірінші ауысымның 3 сабағы) 5,6,7,8
сынып оқушыларымен жұмыс өткізу үшін шақырылады, тек толық көлемде жұмыстар өткізілген сыныптар келмейді. ТЖБ мазмұнына өткен бөлімдер мен тақырыптар енгізіледі.
Каникул кезінде келесі ұсыныстарды ескерулеріңізді өтінеміз:
1. Балалардың көпшілік топталған жерлерге баруын шектеу (Сауда ойын-сауық орталығы, қосымша үйірмелер, секциялар, клубтар және т.б.);
2. Қала шегінен тыс жерлерге шығуын шектеу.
3. Баланың үйдегі бос уақытын қамтамасыз ету (әдебиет оқу, өз бетімен білім алу, және т.б.).
Мектеп сайтында 4 тоқсанда оқылуы қажет әдебиет тізімі орналастырылады. Артық дүрлікпе және үрей туғызбауды сұраймыз. Бұл алдын алу
шаралары. Барлық сұрақтар бойынша сынып жетекшілеріне немесе әкімшілікке келесі телефондар бойынша:
бастауыш сыныптар- 50-16-98, орта және жоғары буын- 50-16-96 жүгінулеріңізге болады.



Коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақтар


Комментариев нет
449 просмотров
Автор: 3mektep
Добавлено: 13.03.2020 в 07:46

Возможно вас заинтересует...!