Меню KDT
«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі»


 

2019-2020 оқу жылының қараша айында  4-сынып оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын еңбек белгісі» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылды. Бала көзқарасындағы адалдық бейнесін салуда түрлі мамандықтар  мен сан алуан еңбек түрі өз үйлесімін тапты. Барлық сыныптар белсенділікпен атсалысып, өз еңбектерін сыныптастарымен бірлесе жасап,  суреттерінің мазмұнды болуына ерекше назар аударғаны байқалады. Негізінен екі турдан құралған сайыстың шарты бойынша 4-сынып оқушылары «Адал және сатылмайтын еңбек белгісі» тақырыбында мазмұнды сурет салып, көрмеге ұсынды, ал екінші кезеңде сыныптар өз суреттерінің құрылымы мен мағынасын сипаттап, қорғады. Әділ қазылар алқасы ретінде шақырылған ұстаздар әділ төрелігін жасап, барлық сыныпты алғыс хаттармен мадақтап, үздік жұмыстарды марапаттады. Сайысты ұйымдастырған «Адал ұрпақ» клубының сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы.

1-орынды 4 «З» сыныбынан - Кукаев Рустам, 2-орынды 4 «Ж» сыныбынан - Жумабекова Ясмина және 3-орынды 4 «Б» сыныбынан – Ахметкалиева Арайлым иеленді. 4 «З» сынып жетекшісі – Ищанова Г.Ж. 4 «Ж» сынып жетекшісі – Альпеисова Д.А., 4 «Б» сынып жетекшісі – Жумадиллаева Г.А.

 
   

 


Комментариев нет
240 просмотров
Автор: 84mektep
Добавлено: 18.12.2019 в 16:40

Возможно вас заинтересует...!