← Назад к новостям
«Адалдық» дүкені - «Қамқорлық» акциясы

«Адалдық» дүкені - «Қамқорлық» акциясы

87mektep
08.02.2020 в 17:25
252 просм.
Нет комментариев

20.01.2020-08.02.2020ж күндері аралығында мектебімізде «Қамқорлық» акциясы өтіп жатыр. «Қамқорлық» акциясы аясында барлық ұжым мен 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары жоғары дәрежеде ат салысып жатыр.


    20.01.2020-08.02.2020ж күндері аралығында мектебімізде «Қамқорлық» акциясы өтіп жатыр. «Қамқорлық» акциясы аясында барлық ұжым мен 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары жоғары дәрежеде ат салысып жатыр. Көмек түрі азық түлік пен кеңсе заттары және киім-кешектер. Ата-аналарымыздың арасынан демеушілікпен көмек беріп жатқан отбасылар көп. Жиналған азық-түлік жиналған жиналғанынша көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріліп жатыр. Отбасылар риза болысып, алғыстарын  жаудырып жатыр. Сонымен қатар киім-кешектен де көмектер түсіп жатты. Азық-түлік,кеңсе тауарлары мен киім-кешектен көмек таратылған отбасы  13  санын құрайды. Бұл процесс әлі де жалғасуда. Осы акция аясында мектебімізден адалдық дүкенін ашып, көмекке мұқтаж отбасы балаларына кеңсетауарлары мен тәттілер үлестірілді.

Автор: 87mektep · 08.02.2020
252
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT