2019 жылғы желтоқсан айында ҚХР Ухань қаласынан шыққан Короновирус жұқпалы инфекциясы қауіп тудырып тұрғаны мәлім.
Осыған орай, 2020 жылғы 5 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы, Ақан Сері 22 көшесінде орналасқан № 58 мектеп-гимназиясында қауіптің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. 1-11 сынып оқушыларына жұқпалы аурудың белгілері және одан сақтану жолдары туралы мектептің медицина қызметкері М. Махсутовна түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының ата-аналарымен де аталған мәселе жөнінде кездесу өтіп, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Бимендин ата-аналарға оқушылармен мектептен тыс көпшілік орындарға көп бармауға, сақтық шараларын қадағалауды басты назарда ұстауға кеңес берді.
Коронавирус белгілері
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан қорғанудың тәсілдерімен бөлісті. Ескертпе ДСҰ-ның Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
Сонымен мамандар мынандай кеңес береді:
Бұған дейін халықаралық мамандар Қытайдың Ухань қаласынан тараған қауіпті жаңа індеттің қайдан пайда болғанын тапқан еді. Мамандардың айтуынша, коронавирустың жаңа түрі жыландар мен жарқанаттарда кездеседі. Ол мутацияға ұшырап, адамнан адамға жұғатын қабілетке ие болған.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены