Кеңестік мемлекеттік және партия қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туғанына 105 жыл толуына арналған және «№10 мектеп-гимназиясы»
Кеңестік мемлекеттік және партия қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туғанына 105 жыл толуына арналған және «№10 мектеп-гимназиясы» КММ-не аты берілуіне орай іс-шараларды өткізу шеңберінде 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел пікір-алмасу «Тәшеневтанушы» ғалымдармен кездесуі болып өтті.
Іс-шарасының мақсаты: №10 мектеп-гимназиясына Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің аты берілуіне орай, оқушылар арасында Жұмабек Тәшеневтің өмір жолы мен елеулі еңбектерін кеңінен насихаттау, түсіндіру.
Осы мақсатты іске асыру барысында Мемлекеттік тарих институтының жетекші ғылыми қызметкерлері қатысты. Атап айтсақ: 👤 Қабылда Ерікболат Амангелдіұлы тәшеневтанушы ғалым.
Дүйсен Сейітқали Жахияұлы мемлекеттік тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Еңсенов Қанат Алексеевич мемлекеттік тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты.
Кездесу барысында оқушыларға Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің қазақ тарихында алатын орны жайлы салиқалы ойларын ортаға салды. Қызу пікір алмасу жүріп оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға, келген қонақтар мағыналы жауап берді. Кездесуден алған әсерлерін оқушылар өз-ара бөлісіп жатты.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены