Меню KDT
«Адал Ұрпақ» ерікті клубының І жарты жылдық бойынша жасалған жұмыстарынының анықтамасы.

«Адал Ұрпақ» ерікті клубының І жарты жылдық бойынша жасалған жұмыстарынының  анықтамасы


І. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері:

 мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

 ІІ. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

ІV. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы: үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар байқаулары мен іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады.

  1. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар: флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

 

2019-2020 оқу жылының қыркүйек айында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспары  құрылып, сонымен  қатар клуб мүшелерінің тізімі жасалып,

мектебіміздің 1 қабатында орналасқан  «Парасатты» азамат бұрышы жаңартылды.

2019 жылы  қыркүйек айының 27-і «Адал Ұрпақ» еріктілер клубына жаңа мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. «Адал Ұрпақ» тобының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай мақсат , міндеттерді негізге ала отырып, мектебімізде 5- 11 сынып оқушылары  арасында «Адал Ұрпақ» ерікті топ 50 оқушыдан құрылып , жетекшісі тағайындалып, іс-шаралар жоспарланып ұйымдастырылды.

Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше. Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған. 

Жасалған жоспар бойынша 2019 жылы   қыркүйек айында өткен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында «  Ата-аналардан заңсыз ақша жинау бұйрығымен таныстырылды.

Қазан айында жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында мектебімізде «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

 Қыркүйектің 5жұлдызында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» агентігінің өкілі 10-11 сынып оқушыларына «Адалдық сағатын» өткізді. Адалдық сағатының басты мақсаты – оқушыларды  адалдыққа, парасаттылық пен мейірімділікке баулу болды.

Желтоқсан айының басында  8 сыныптар арасында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ « ең үздік бейнематериалдарын даярлау мақсатында байқау ұйымдастырылды.Байқау жеңімпаздары 8 «Е» және 8 «Б» сынып оқушылары болды.  

2020 жылдың 21 қаңтар күні  9-10 сынып оқушыларына «Адалдық сағаты» өтті. Адалдық, парасаттылық туралы мектеп директоры Жусупова Г.А. өмірден мысал келтіре отырып түсіндіріп өтті. Жас Отанның мүшелері Тұрамтайұлы Айдын және Тогтаубайқызы Жансая  оқушыларға адалдық, мейірімділік, адамгершілік туралы лекция жүргізді. Мектептің адал ұрпақ клуб мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шараларға анықтама берді.

2020 жылдың 22 қаңтар күні  тәрбие ісі меңгерушісі Копбаева Ж.О «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерінің  қатысуымен  «Қоғамдық тәртіп негіздері»  тақырыбында ұйым мүшелерімен  пікірталас жүргізіп, сыбайластыққа қарсы қандай іс-шаралар атқарылғаны туралы есеп ала отырып,  болашақта қандай жұмыстар жүргізу керек екенін тілге тиек етті.Сонымен  қатар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларында жоспар бойынша өтетін іс-шаралардың толықтай сапалы, сауатты өтуін қадағалау, оқушылардың сол іс-шараларға толықтай қатысуын қамтамасыз ету т.б мәселелерге  тоқталды.

Сонымен қатар, 2018-2019 оқу жылынан бері үнемі жүргізіліп отыратын «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды. Ол дүкен оқушылардың қаншалықты адал әрі парасатты екендігін анықтау мақсатында жұмыс жасайды.

 

 

 

 


Комментариев нет
93 просмотров
Автор: 72mektep
Добавлено: 09.03.2020 в 16:57

Возможно вас заинтересует...!