← Назад к новостям
«Адалдық дүкені»  бойынша ақпарат

«Адалдық дүкені» бойынша ақпарат

72mektep
02.03.2020 в 16:42
158 просм.
Нет комментариев

«Адалдық дүкені»  бойынша ақпарат


2019 жылдың 18 ақпанынан бастап  мектепте   «Адалдық алаңы» ұйымдастырылды. Оқушылардың бойына академиялық адалдық қасиеттерін сіңіру, әдептілікке, әділеттілікке баулу мақсатында мектебіміздің І қабатында "Адалдық дүкені" ашылды. Яғни, кез - келген оқушы сатушысы болмайтын дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша сатып алып, ақшасын арнайы кассаға салады. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті тауарын сатып алған оқушы ешқандай қулыққа немесе қиянатқа жол бермеді және өзін - өзі адалдыққа және әділеттілікке тәрбиелей алады деген сенімдеміз! Бұл жұмысты жасаудағы мақсатымыз оқушылар арасында сенім мен адалдықты қалыптастыру болатын. Сенім мен адалдыққа негізделген аталмыш шараға оқушылар қызығушылық танытты..Оқушылар өздеріне өздері қызмет жасайды.Оқушылардың арасында сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар әлі де жалғасын тауып келе жатыр. Адалдық клубының мүшелері ай сайын іс-шаралар ұйымдастырып отырады.

Автор: 72mektep · 02.03.2020
158
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT