← Назад к новостям
«1 наурыз – Алғыс айту күні»

«1 наурыз – Алғыс айту күні»

b0141skobilim
02.03.2020 в 13:40
594 просм.
Нет комментариев

      Қарақамыс негізгі мектебінде 2020 ж. 26.02. – 06.03. аралығында іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. «Жақсылық жасау өзімнен» атты қайырымдылық акциясы 26.02 күні өткізілді. «Жұлдыз» патриоттық қозғалысының мүшелері «Қамқорлық» акциясын 22.02  - 06.03 аралығында ауыл қариялары Сапар ата мен Дәметкен апай үйіне барып , көмек көрсетіп келді.


28.02. күні «1наурыз – Алғыс айту күні», «Қазақстан халқына ризамыз» атты әдеби сазды бағдарлама, сыныптан тыс іс-шара өтті. Оқушыларға бейнероликтер, слайд материалдары көрсетілді. Сыныптан тыс іс-шараға 1-9 сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар қатысты. Іс-шараның мақсаты: үлкен мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіре отырып қайырымдылыққа, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Автор: b0141skobilim · 02.03.2020
594
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT