Меню KDT
Шет тілдер онкүндігі


Ғали  Орманов атындағы № 7 мектеп – гимназиясының шет тілдер бірлестігінің 20.01 – 30.01.2020 ж. аралығында өткізген онкүндігі бойынша есеп

Жалпы шетел тілі апталығы қорытындысы бойынша жоспарда көрсетілген барлық ашық сабақтар өз дәрежесінде өткізілді. Сабақтар жаңа технология бойынша инновациялы семинар, конференция, интелектуалды ойын сабақтары түрінде болды.

     Жоғары деңгейде ашық сабақ өткізген мұғалімдер: Адамбай Шолпан Жолмұхамедқызы, Тұтқабаева Салтанат Нартаевна, Мауленова Асель Сериковна, Тоқбергенова Жамиля Оңалбекқызы,Носуль Замфира Маславиевна, Балажанова Айгуль Айдаржановна, Макашева Қаракоз Сермахановна.

     Ашық сабақтар жаңартылған білім мазмұнына сәйкес жасалды. Ойлау дағдылары: Білу, түсіну, қолдану. Оқушыларды психологиялық сәт арқылы салемдестіріп, топқа бөлген соң, миға шабуыл яғни оқушылар зейінін өзіне аудардым.

     Сабақта тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша жұмыс жүргізілді. Тыңдалымда мұғалімдер жаңа сабаққа қатысты мәліметтермен бөлісті және түсіндірді. Оқушыларға сұрақ қоя отырып, мәтіннің не туралы екенін айтқызды. Оқушылар өте жақсы дайындықпен, ізденіп дәлелдермен жауап берді.

     Жеткілікті деңгейде сабак өткізген мұғалімдер: Ахмедуллина Зарина Сериковна, Сардарбекова Жансая және Уралов Олжас Бауржанович.

      Жоғары деңгейде 7-8 сынып оқушылар арасында  мұғалімдер Темірболатова Фатима Аманбайқызы және Жолдыбалинова Нургуль Амангельдиновна интеллектуалдық аукцион ойынын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру, қызықтыру, шет елдердің мәдениетімен таныстыру, грамматика білімін тексеру, мақал-мәтелдер айту болды. Өте қызықты, көптеген мәліметтер айтылып, әсерлі болды. Оқушылар белсенді қатысты. Алдарына қойған тапсырманы таласып орындады. Түрлі тапсырмалап орындап, оқушылар белсенділік танытып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

 «Seven sides of the Great steppes» тақырыбында эссе байқауы 9-11 сынып оқушылар арасында өтті. Жауапты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Тоқбергенова Жамиля Оңалбекқызы және Утемұратова Қадиша Асановна. Эссе байқауына оқушылар арасында өте көп шығармашыл оқушылар өз жұмыстарын тапсырды. Ерекше өз ойларын білдірген оқушыларға І,ІІ,ІІІ орындар берілді. Атап айтар болсақ: І орын иегері 10 сынып оқушысы Кусанов Альтаир, ІІ орын иегері 9 «В» сынып оқушысы Тоқтарова Карина, ІІІ орын иегері 10 «Ғ» сынып оқушысы Басанова Меруерт жүлделі орындар иеленді.

     «Онкүндік жүйелі жоспар бойынша өз уақытында жоғары деңгейде өтті.








Комментариев нет
324 просмотров
Автор: 7mektep
Добавлено: 31.01.2020 в 22:46

Возможно вас заинтересует...!