«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Ұлы данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 17.02.-21.02 аралығында «Поэзия - сұлулық әлемі» атты дәстүрлі іс-шарасы өткізілді. Іс-шаралардың жалпы сипаты төмендегідей:
«Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы....» тақырыбында ақындар мүшайрасын Пернебаева Нұршапағат және Берекетова Гүлнар мұғалімдер ұйымдастырды. 8 «В» сынып оқушысы Төлен Нұрай, 9 «А» сынп оқушысы Ақмолдаева Динара топ жарып шығып, өздерінің сырлы да мағыналы өлеңдерін оқып, тыңдарманды тәнті етті.
«Әнді сүйсең, менше сүй...» бөлімі бойынша 7-сыныптар арасында Абай әндерін орындау байқауы Жақсыбаев Думан және Сапархан Жансая ұйымдастыруымен өткізілді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін нақышына келтіре орындаған 7 «З» сынып оқушысы Алиайдарова А топ жарып, жүлдеге ие болды.
Кабдулова Аайдан және Мукалыков Бексейіт мұғалімдердің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасына «Күз», «Қыс», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жазғытұры» т б өлеңдерінен сурет салу байқауы 5-сыныптар аралығында өткізілді.
«Рухани жаңғыру идеясы мен Абай философиясының үндестігі» тақырыбында Боданов Амангелді, Қайрат Айсәуленің ұйымдастыруымен пікірсайыс өткізілді. 9-10-сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын А.Құнанбайұлының қара сөздерімен, философиялық лирикаларымен салыстып, бүгінгі замандағы күнделікті кездесетін әлеуметтік-қоғамдық мәселелермен байланыстыра отырып, жан-жақты талқылады.
Оқушылардың бір тобы Абай да өз заманында халықты жаңашылдыққа, ескіліктен құтылып, жаңаша ойлануға, жаңаша өмір сүруге үндеді деген ойлар айтты. Оқушылардың екінші тобы Абай тек халықтың мінез-құлқын сынады, оқу-білімді көбірек насихаттады, ал Н.Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы нақты халықтың рухани жаңғыру жолын айқындап бере алды деген пікірді ұстанды.
«Латын әліпбиіне көшу- заман талабы» тақырыбы - «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұсынылған басым бағыттың бірі. Аталған тақырыптағы іс-шараны Нарбаева Меңдігүл және Пернебаева Нұршапағаттың жетекшілігімен ұйымдастырылып, 9-сынып оқушыларының көзқарастарын, жастардың арман-тілектерін білу мақсатында эссе жазылды. Өзінің қоғамдағы өзгерістерге деген көзқарастарын шынайы білдіруімен, сауаттылығымен ерекшеленген 9 «ә» сыныбының оқушысы Ұзақ Айсұлудың жұмысы үздік жұмыс болып жарияланды.
Гимназиямызда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде жүргізілетін «Поэзия-сұлулық әлемі» атты іс-шара келесі жылдарда да жүзеге асып, жас жеткіншектердің жан дүниесінің сұлулығының артуына ықпалын тигізеді деген сенімдеміз.
Орындаған: Әдістемелік бірлестік жетекшісі Кабдулова А.Т.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены