«Әдістемелік күн: мұғалімнің тәжірибесін жетілдірудегі бірлескен жоспарлау» тақырыбында қалалық семинар өтті
28.02.2020 «Әдістемелік күн: мұғалімнің тәжірибесін жетілдірудегі бірлескен жоспарлау» тақырыбында қалалық семинар өтті. Педагогтердің тәжірибе алмасуын жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі мұғалімдері мен жетекші мектеп арасындағы бірлескен әдістемелік күннің мақсаты: НЗМ мұғалімдерімен бірлескен іс-тәжірибе алмасу арқылы жаратылыстану бағытын дамыту. Семинарда химия, биология, география, физика, математика, информатика пәндерінен бірлескен сабақтар өтілді және көшбасшы мектептер мұғалімдері қатысты. Семинарға НЗМ бейіндік ісі орынбасары Т.С.Варламова, ПШО тренерлері мен Білімді жаңғырту орталығы әдіскерлері Д.Амиргалиева, М. Жасанович қатысып, өз ойларымен бөлісіп, бірлескен жоспарлау сабақтарының нәтижелі болғанын айтты. Семинар соңында «Самғау» кластерінің «Табысты мектеп» бағыты бойынша бірлесе жұмыс істеп келе жатырған №17 МГ көптілділіктің маңызы туралы және №59 МЛ IT бағытындағы жаңашылдықтар туралы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар "Ұтымды он әдіс" тақырыбында қорытындылау әдісімен аяқталды. Сонымен қатар семинар қонақтары ретінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мектептерінің басшылары мен шығармашылық топ мүшелері қатысты
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены